Қайғылы жағдай Рудныйда 16 қарашада болды. Гаражда болған өрт 15 шаршы метр аумақты қамтыған деп хабарлайды Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
«Сағат 09:07 шамасында басталған өрт 09:37-де сөндіріліп бітті. Өрт болған жерден 50 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Зейнеткер 2-деңгейдегі термикалық күйік алған», – делінген Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
Өрттің шығуына өрт қауіпсіздігі ержесін дұрыс қолданбағаны себеп болған.
Дереккөз: Alau.kz