Синоптиктер 2018 жылғы 20-22 қарашаға арналған ауа райы болжамын жариялады деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК өкілдері.
«Атлантикалық циклондармен байланысты атмосфералық фронттар Қазақстан аймағы арқылы жылжып, қар жаууды, бұрқасынды және күшті батыс желін тудырады. Сонымен қатар, Каспийдің оңтүстігінен республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарына фронттармен циклон жылжиды. Оның салдарынан мұнда сулы қар, тұман, көктайғақ және күшті соқпалы жел күтіледі», – дейді мамандар.
Бұл ретте Қазақстанның бүкіл аймағында ауа температурасы жоғарылап, орташа көпжылдыққа, ал солтүстік облыстарда одан жоғарыға жақын болатыны хабарланып отыр.
Дереккөз: Tengrinews.kz