Жаңалықтар 19.11.2018 сағат 12:00  372

Монакода Данияр Елеусіновпен бірге тағы бір қазақ жұдырықтасады

Қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек (1-0, 0КО) 24 қараша күні Монакода Данияр Елеусіновпен бір рингте өнер көрсетеді. Бұл туралы «Қазақстанның кәсіпқой боксы» аккаунты ВКонтакте әлеуметтік желісінде жазды деп жазады ҚазАқпарат.

Монакода Данияр Елеусіновпен бірге тағы бір қазақ жұдырықтасады
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

BoxRec.com сайтының мәліметінше, Сұлтан Заурбектің жекпе-жегі төрт раундтан тұрады. Қарсыласы әзірге белгісіз.

Айта кетейік, Заурбек биылғы 26 қазан күні Лондонда алғаш рет кәсіпқой рингке шықты. Онда 34 жастағы қарсыласы - Никарагуа боксшысы Хосе Агилараны (16-53-4, 6КО) ұпай санымен ұтты. BoxRec-тің хабарлауынша, Сұлтанның кәсіпқой бокста үшінші айқасы да жоспарланып қойған - ол 14 желтоқсан күні Лондонда өтеді.

Еске сала кетейік, 24 қараша күні Монаконың Монте-Карло қаласында қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (4-0, 2КО) жекпе-жекке шығады. Оның қарсыласы никарагуалық боксшы, 33 жастағы Маркос Мохика (16-2-2, 12 КО). Елеусінов жартылай орта салмақтағы төртінші жеңісіне ағымдағы жылдың 21 қазанында қол жеткізген болатын.

«Казино де Монте-Карлода» өтетін бокс кешінің андеркартында өзге де жекпе-жектер жоспарланған. Ал басты айқас бірінші ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы ресейлік Денис Лебедев (31-2, 23 КО) пен америкалық Майк Уилсон (19-0, 8 КО) арасында өтеді.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар