Әйел адамның үстіне мұз құлап, соның салдарынан мерт болды. Бұл туралы мәліметті Алматы полиция департаментінің өкілдері растады деп жазады Tengrinews.kz.
Оқиға Астана уақыты бойынша шамамен 13:30-да Марков көшесінің бойындағы кеңсенің алдында болған.
«Оқиға жазатайым оқиға ретінде қарастырылып жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды», - деді Алматы полициясының өкілдері.
Полицейлер марқұмның кім екенін анықтады. Ол Бостандық ауданынының 1958 жылғы тұрғыны болып шықты.