$ 443.85  474.3  4.8

Қасымов полицейлердің жаңа формаларын көрсетті

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов полицейлер жаңа формаларын көрсетті деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Сақшылардың қызметтік киімінің соңғы үлгісін, матасының сапасын президенттің өзі тексерді. Ішкі істер министрі жаңа формаларды киген полицейлерді Ақордаға ертіп барған.

Қызметтік киімдерін Елбасына Қалмұханбет Қасымов таныстырды. Сонымен, сақшылар формасының түсі өзгерген. Қара, қара-көкті таңдапты. Және «полиция» сөзі латын әріпімен жазылған. Жылдың барлық мезгіліне арналған сырт киім, бас киімдер бар. Және жаңа формалардың үлгісін отандық дизайнерлер жасапты. Оған қажет қаржы жалпы ішкі істер саласын реформалауға деп бюджеттен бөлінген 326 миллиард теңгеден алынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары