$ 494.87  520.65  4.91

Серікбол Сайлаубекке оққағар жіберген күзет фирмасы жазаланбақ

Таяуда желіде әнші Серікбол Сайлаубектің тойда оққағарлардың ортасында ән шырқаған сәтінің видеосы тарап кеткен еді. Осы жайтқа қатысты ҚР ІІМ мамандары тексеріс жүргізді. Бұл туралы министрліктің ресми өкілі Алмас Садубаев мәлімдеді.

Алмас Садубаевтың сөзінше, 17 қарашада Түркістан облысы Сарыағаш ауданындағы мейрамханалардың бірінде өткен үйлену тойының ұйымдастырушылары артистер өнер көрсеткен кезде тәртіп сақталуы үшін күзет агенттігінің қызметкерлерін шақыртқан.

«Қызметкерлері қызметтік қаруды пайдалану ережесін бұзғаны үшін, қазіргі уақытта аталған күзет ұйымына қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 484-бабы 1- тармағына (Қаруды сақтауға, сақтау мен алып жүруге iшкi iстер органдарының рұқсаты бар адамдардың азаматтық, қызметтік, марапаттық, коллекциялық қаруды, оның патрондарын иелену, беру, есепке алу, сақтау, пайдалану, тасымалдау, ҚР аумағына әкелу, ҚР аумағынан әкету және ҚР аумағы арқылы транзитпен өткізу тәртібін бұзуы) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды», – дейді министрлік өкілі.

Алмас Садубаевтың сөзінше, осыған байланысты, Кәсіпкерлік кодексінің аясында прокуратура органдарының алдында күзет ұйымдарын жоспардан тыс тексеру жүргізіліп, күзет қызметі саласындағы заң талаптарының сақталуы тескерілді.

Естеріңізге салсақ, Серікбол Сайлаубектің оққағарлардың ортасында тұрып ән салғаны туралы кезекті материалымызда жазған болатынбыз. Артынша Сарыағаш ауданы әкімшілігі оқиғаға қатысты жауап берді.

Дереккөз: Stan.kz

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары