Бокстан Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов 24 қараша күні кәсіпқой бокстағы бесінші жекпе-жегін өткізеді деп хабарлайды «Хабар» телеарнасы.
Қазақстандық боксшының қарсыласы никарагуалық Маркос Мохика болады.
Монакодан тікелей көрсетілімді «Хабар» арнасы көрсетеді. 24 қараша күні сағат 01:00-де шаршы алаңдағы тартысты кездесуді өткізіп алмаңыздар!
Еске сала кетейік, Данияр Елеусінов 20 қазанда Бостондағы (АҚШ) TD Garden аренада америкалық боксшы Мэтт Доэртимен (8-6-1, 4 КО) кездесіп, қарсыласын бірінші раундта техникалық нокаутпен жеңген болатын.