$ 447.4  477.55  4.76

«Өз қанымды жұттым»: астаналық әйел бірге тұрған еркектің өзін сабаған сәтіндегі видеосын жариялады (ВИДЕО)

Астаналық Оксана Ермаханова өзімен бірге тұрған еркектің сабаған сәтіндегі видеосын Facebook әлеуметтік желісіне #НеМолчиKZ хэштегімен жариялады.

«Мені әбден сабаған соң жарға тақап, бетімді орамалмен жауып тастады. Мен өз қанымды жұттым. Ол полицейлер келеді деп жедел жәрдем шақыруға қорықты. Мені үйіне қарай сүйрей бастады. Жанымыздан өтіп бара жатқанда бір жігіттен көмек сұрадым. Ол менің түрімді көріп шошып, айқайлап жіберді. Абырой болғанда, бізді полицей көріп қалып, сол жерде жедел жәрдем шақыртты. Дәрігерлер бас жарақатын алғанымды, сүйегім сынғанын және оң жақ көзіме де зақым келгенін айтты», - деген Оксана ауруханада полицияға арыз түсіргенін жеткізді.

Бірге тұрған жігіті Юрий кейін Оксанаға арызын қайтып алуын талап етіп, еміне көмектесуге уәде еткен. Егер сотталатын болса, тыныштық бермейтінін де айтып қорқытқан.

Оқиғаға қатысты полицейлер қылмыстық іс қозғалған. Юрий 1 жылға бас бостандығынан айрылған. Оксана болса, бұл жазамен келіспеймін деп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары