$ 449.58  486.94  4.86

Петропавлда Азия чемпионын автобус қағып өлтірді

Петропавлда Азияның жатып сығымдап көтеруден чемпионы Виктория Шестопалова автобус астына түсіп көз жұмды. Бұл туралы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Руслан Есеналин Facebook желісінде хабарлады деп жазады Stan.kz.

«Облыстың спорттық қоғамы тамаша жас спортшының, еліміздің және өңірдің мақтанышының қазасына қайғырып, туыстарына көңіл айтады. Мәңгі есімізде сақталады», – дейді Есеналин.

Полиция департаментіндегілер 23 жастағы спортшының көз жұмғанын растады.

«21 қарашада кешкі сағат 18:00 шамасында Петропавлдағы Жабаев-Чайковский көшелерінің қиылысында автобус жүргізушісі облыс орталығының 23 жастағы тұрғынын қағып кетті. Бойжеткен алған жарақатының салдарынан көз жұмды. Жол апатаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», – дейді полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Аталған оқиғаға қатысты ҚР ҚК 345-бабы 3-тармағына (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы салдарынан абайсызда адам өліміне әкеп соққан іс-әрекет) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.  Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары