$ 449.58  486.94  4.86

«Адам емессің»: Дастархан басында төстартқышын шешкен Замира Сұлтан жұрттың ашуына тиді (ВИДЕО)

Бұған дейін түрлі ерсі қылықтарымен әрі бейәдеп сөздерімен телеэкранда танымал болған Замира Сұлтан бұл жолы төстартқышын шешіп ұятқа қалды. Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі majorka.kaz тобында жарияланды.

Кадрда Замира дастархан басында отыр. Оған ентелеп келген ер адам бірден төске жармасып, төстартқышын тарта жөнеледі. Жігіттің мақсатына жетуі үшін Замира мен жанында отырған қыз да көмектесе кетеді.

Пайымдауымызша, бұл жай ғана ойын секілді. Алайда желі қолданушылары «ойынды да ойлап ойнау керек» деген пікірде.

«Ар-ұяттан безген. Бұны салмай-ақ қойса не болады екен», «Адам емессің, Замира. Ес жоқ екен», «Не деген ақымақтың ісі мынау?», - деп жазды желі қолданушылары.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары