22.11.2018, 10:30

Ақмола облысында ер адам жөндеп жатқан көлігінің астында қалып қойды

Ақмола облысында 48 жастағы ер адам көлік астына түсіп, мерт болды деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Ведомствоның дерегі бойынша, оқиға қарашаның 20-ы күні Целиноград ауданының Софиевка ауылында болған. 48 жастағы тұрғын ВАЗ-2114 көлігін жөндеп жатқан. Сол кезде, көтергіш тайып кетіп, көлік иесі басып қалған. Ер адам алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.

«Қазіргі кезде полиция аталмыш оқиғаға байланысты тексеріс жүргізуде», – деді Ақмола облыстық ПД баспасөз хатшысы Әсем Әбдрахманова.  

Дереккөз: ҚазАқпарат