Оңтүстік Судан мемлекетінің тұрғыны 16 жастағы Ньялонг Ньонг Дэн Джалангты Facebook желісі арқылы күйеуге сатқан деп жазады Vice News.
Әке-шешесі қызын аукционға шығарған. Оны аукционда жергілікті бизнесмен үш Land Cruiser, 530 сиыр, 10 мың долларға сатып алады.
Осыдан кейін Судан басылымдары Джалангты Африкадағы ең қымбат келінге балады.
Жеткіншек қыздың күйеуге сатылып жатқанын көрген адам құқықтары жөніндегі қайырымдылық ұйымдары бұл жайтқа назар аудара бастаған. Олар қазіргі кезде қыздарды әлемдік әлеуметтік желі арқылы күйеуге беру таң болмай бара жатқанын айтуда.
Алайда, Джаланг күйеуге шыққаннан кейін Facebook әлеуметтік желісіндегі жарнама өшірілген.
Оңтүстік Суданда жеткіншек жастағы неке заңсыз болып табылады. Алайда, мұндай оқиға кең тараған.
Дереккөз: lenta.ru