Жаңалықтар 23.11.2018 сағат 09:43  514

Астанада оқушы қызды 40 жастағы ер адам алып кетпекші болған (ВИДЕО)

Астанада оқушы қызды мектептен белгісіз ер адам алып кетпекші болған. Бұл туралы хабарлама WhatsApp әлеуметтік желісінде тарап кеткен де жазады Newtimes.kz.

Астанада оқушы қызды 40 жастағы ер адам алып кетпекші болған (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Әйелдің айтуынша, ол қызын сыртта көлік ішінде күтіп отырған. Бір кезде мектептен шығып келе жатқан қызды белгісіз ер адам шақырып алыпты.

«Бүгін мектеп алдында сұмдық жағдай болды. Кішкентай баламмен көлік ішінде қызымды күтіп отырғанмын. Бір кезде мектептен шыққан қызымды 40 жас шамасындағы ер адам шақырып алды. Әңгіме тартып бірдеңелер айтты. Сөйтіп құрылыс жаққа қарай ертіп кетті», – дейді әйел.

Сырттан байқап отырған әйел көліктен шығып, қызына айғай салған. Сол сәтте белгісіз ер адам қашып кетіпті. Ал қызы болса, түсініксіз жағдайда қалған.

Бұл оқиға Астанадағы №79 мектепте болған. Әйелдің айтуынша, басшылық болған жайтты жасырып қалған. Қалалық білім басқармасындағылар автордың қателескенін алға тартып отыр.

«Ер адамға көршілері қызын мектептен ала салуын өтінген. Бірақ ол қателесіп басқа қызды ертіп алған. Сол кезде оқушының анасына қарай жүгіргенін көргенде ғана өзінің қателескенін аңғарыпты. Бірақ видео авторы мектеп әкімшілігінің жауабын күтпестен ақпаратты желіге таратып жіберген», – делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар