Түркістан облысының полицейлері жол-көлік оқиғасын тергеп-тексеруде деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
2018 жылдың 22 қарашасы шамамен сағат 16:00 де Сайрам ауданында жол-көлік оқиғасы тіркелді. «ВАЗ 2106» автокөлігінің жүргізушісі жол ережесін өрескел бұзып, қарама-қарсы бағытқа шығып кетіп, «Ауди» автокөлігімен соқтығысқан.
Салдарынан «Жигули» автокөлігінің жүргізушісі мен оның екі бірдей жолаушысы оқиға орнында мерт болды. «Ауди» маркалы автокөлігінің жүргізушісі түрлі жарақаттарымен емханаға жеткізілді.
Түркістан облысы ПД-нің анықтаушылары ҚР ҚК-нің 345 «Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізуде. Бірнеше сараптамалар тағайындалған.