$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда ақша жинағаны үшін 7 мектептің директорлары жұмыстан шығарылды

Жыл басынан бері Алматыдағы жеті мектептің директорлары ақша жинағаны үшін жұмыстан шығарылды. Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің «Саналы ұрпақ» жоба кеңсесінің жетекшісі Қайыржан Тоқышев мәлімдеді деп жазады Tengrinews.kz.

«Білім беру мекемелері жетекшілерінің жеке жауапкершілігі артты. Биыл Алматыдағы жеті мектептің директорлары ақша жинау деректерінен кейін жұмыстан босатылды. Олардың үстінен ата-аналардан арыз Қалалық білім басқармасы мен жоба кеңсесіне түскен. Оның ішінде жаңа оқу жылында тағы бір директор қызметінен босатылып, тағы үшеуі қатаң тәртіптік жазаға тартылған», – деп хабарлады Тоқышев баспасөз мәслихатында. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары