$ 494.87  520.65  4.91

Қостанайда сатушының бірі екіншісіне пышақ сұғып алды

Қостанайда сауда орталығының бірінде сатушының бірі екіншісінің кеуде тұсына пышақ сұғып алды деп жазады Alau.kz.

Сауда орталығындағы екі сатушы бір-бірімен жанжалдасып қалған. Сол уақытта 29 жастағы ер адам 23-тегі жігіттің кеуде тұсына пышақ сұққан.

Жәбірленуші Қостанай облыстық ауруханасына жеткізілген. Ол оң жақ кеуде тұсынан жарақат алған.

Айыпталушы оқиға орнынан қашып кеткен. Алайда, көп ұзамай оны полиция қызметкерлері ұстады. Қазіргі кезде оның үстінен «Қасақана ауыр дене жарақатын келтіру» бабы бойынша іс қозғалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары