Қазақстандық спортшы Жайна Шекербекова бокстан Үндістанның Дели қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем біріншілігінің финалына өтті деп жазады Vesti.kz.
Жартылай финалда 51 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Шекербекова жапониялық Цукими Намикиді 5:0 есебімен жеңді. 2016 жылы қазақстандық боксшы қыз Астанада өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған еді.
Еске салайық, 2018 жылғы әлем біріншілігінде Қазақстан қоржынына алғашқы жүлдені 60 келіге дейінгі салмақта жұдырықтасатын Карина Ибрагимова салған болатын.
Дереккөз: Tengrinews.kz