Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов (4-0, 2 КО) Монте-Карлодағы (Монако) бокс кеші аясында никарагуалық Маркос Мохикамен жекпе-жек өткізді.
Жекпе-жек сегіз раундқа есептелген болатын, бірақ мерзімінен бұрын аяқталды: Елеусінов үшінші раундта техникалық нокаутпен жеңіске жетті, деп хабарлады sports.kz.
Нокаут пен жекпе-жектің толық видеосын назарларыңызға ұсынамыз.
Осылайша, Данияр кәсіпқой бокстағы бесінші жеңісіне қол жеткізді, оның үшеуін мерзімінен бұрын аяқтады.Бұған дейін қазақ боксшысы америкалық Ноа Кидті (3-1-1, 2 КО) үшінші раундта, тағы бір АҚШ өкілі Мэтт Доэртиді (8-6-1, 4 КО) бірінші раундта техникалық нокаутпен ұтқан болатын.
Дереккөз: Sputniknews.kz