$ 439.43  473.31  4.82

Астанада және басқа облыстарда жауған қардан жолдар жабылды

Астанада тынымсыз жауған қар мен қатты желдің салдарынан бірқатар жолдар жабылды деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Сенбі күні кешкі сағат 19.30-дан бастап ауа райының бұзылуына байланысты (қар аралас жаңбыр, ызғырық жел, көктайғақ) Астана - Қарағанды, Астана - Қорғалжын, Астана - Қабанбай батыр жолдары барлық автокөлік түрлері үшін жабылды», – деп хабарлайды iKomek қалалық мониторинг және шұғыл әрекет ету орталығы.

Қозғалыс қайта жанданған кезде қосымша хабарланады. 24 қараша күні сағат 18.00-де Павлодар облысында республикалық және облыстық мәндегі бірқатар жолдар жабылды деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол».

Алматы облысын Шығыс Қазақстанмен жалғайтын Алматы - Өскемен (79-615 шақырымы, Қапшағай бекеті - ШҚО шекарасы учаскесі) және Сарыөзек - Көктал (15-65 шақырымы) жолдарында да қозғалыс тоқтады. Жамбыл облысында да жол жабылған.

Алматы - Ташкент - Термез (536-593 шақырымы - Айша бибі ауылынан Түркістан облысының шекарасына дейін, 593-632 шақырымы - Жамбыл облысының шекарасынан Жаскешу ауылына дейін) автожолында қозғалыс тоқтатылды. Сонымен бірге, Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында да жолдар жабылды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары