Жол апаты Алматыдағы Сүйінбай-Рысқұлов даңғылдарының қиылысында болды деп жазады Sputniknews.kz.
Куәгерлердің айтуынша, Hyundai Accent автокөлігі Сүйінбаймен солтүстікке қарай жүріп бара жатқан. Бұрылыста жүргізуші рөлге ие бола алмай, қарсы бетке шығып, жолдың жиегіне ұшып түскен, содан соң солтүстік бағытта жүріп бара жатқан пойыз вагондарының біріне соқтығысады.
Салдарынан автокөлікті пойыз шамамен тағы 50 метрге сүйреп әкетеді. Машинист оқиғаны байқамаса керек, одан әрі жүріп кете берген.
Жол-көлік апаты салдарынан жүргізуші ауыр жарақат алған жоқ.
Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасының себебін анықтауға кірісті.