Теміртау тұрғыны ұлын түрмеге жапқысы келетінін айтып, полицияға арыз жазды. Әйелді ұлы ұрып-соғып, бағалы заттарын сатып, оған есірткі алады екен деп жазады Nur.kz.
Айтуынша, есірткіге тәуелді болған ұлы әйелге қол көтеретінді шығарған. Тіпті пәтерден қуып шығып, вокзалға да түнеген кездері болыпты.
«Егер ұлыма ақша бермесем, мені ұрып-соғады. Үйдегі заттарды қиратып, ыдыстарды шаға бастайды. Ұлым айналасындағыларға зарарын тигізетіні анық. Сол себептен оны қамауға алғаны дұрыс болар еді», – дейді Тамара.
Полицияға арыз жазғанымен, ешқандай өзгеріс жоқ дейді. Айтуынша, ұлы үйде есірткіге қосатын қоспаны дайынайды екен. Тіптен оның дүкеннен сатып алғанын бірнеше рет көріпті.