Семейде вагондар рельстен шығып кетті деп хабарлайды қаланың ТЖ бойынша басқармасы.
Оқиға 24 қарашада сағат 16.30-да Жаңа-Семей станциясында болған. Басқармадағылардың айтуынша, бос жүк вагондары рельстен шығып, аударылып қалған.
«Соқтығысудың алдын алу мүмкін болмады. №44 бағыттамалық бұрмада төрт вагон бір жағына қарай ауып кетті. Алдын ала болжам бойынша, вагондардың жолдан шығып кетуіне ауа райының қолайсыздығы себеп болған», – делінген хабарламада.
Оқиға жолаушылар пойызының қозғалысына әсер етпеді және ешкім зардап шеккен жоқ.
Дереккөз: Tengrinews.kz