10.09.2015, 06:40

Астанадағы мекемелердің жұмыс уақыты өзгеруі мүмкін

www.tarih-begalinka.kz

Астана қаласының мекемелерінде, кәсіпорындарында және ұйымдарында жұмыс уақытын өзгерту мүмкіндігі қаралуда, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен.

«Астана LRT» ЖШС мониторинг жүргізіп, маршруттар мен көліктер бойынша елорданың көше-жол желісіне түсетін жүктемені анықтады. Аталмыш маршруттар № 1, 3, 5, 6, 17, 31, 35, 38, 50, 53, 54, 56, 59, 60, 66, 70, 75 мектептер орналасқан аудандардан өтеді. Мәселені шешу үшін аталған оқу орындарында сабақты бастау уақытын өзгерту ұсынылды»,- делінген хабарламада.

Осыған орай Астана қаласының Білім басқармасы мектеп директорлары мен ата-аналарға мектептерде сабақтарды сағат 7.40 бастау бойынша жұмыс режиміне өзгерістер енгізуді талқылау және қарау ұсынылды.Сонымен қатар, Астана қаласының мекемелерінде, кәсіпорындарында және ұйымдарында жұмыс уақытын өзгерту мүмкіндігі де қаралуда.