Жаңалықтар 26.11.2018 сағат 05:24  383

Қазақ оқушысы халықаралық тестілеуде ең жоғары балл жинап, рекорд жаңартты

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Ақназар Қажымұрат ACT және SAT Subject Tests халықаралық тестілеуінде максимал балл жинады - 36/36 және 2400/2400. Бұл туралы Назарбаев зияткерлік мектебінің Facebook әлеуметтік желісінегі ресми парақшасында жарияланды.

Қазақ оқушысы халықаралық тестілеуде ең жоғары балл жинап, рекорд жаңартты
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

ACT (American College Testing) емтиханын америкалық оқушылардың көбі елдегі жоғары оқу орындарына түсу үшін тапсырады. Ең беделді университеттер ACT бойынша 30-36 балл жинаған үміткерді қабылдайды. Құрама Штаттарда оны тапсыратындардың тек 0,1 пайызы 36 балл ала алады. Ал басқа елдерде ең жоғары балл көрсететіндер өте аз. Ал орташа көрсеткіші 21,1 балл. SAT Subject Test - негізгі пәндердің бірінен тапсырылатын емтихан, оны әдетте АҚШ-тың беделді университетіне түсу үшін сұрайды. Тесттің мақсаты бес бағыттың бірі бойынша білім деңгейін анықтау. Ақназар математика, физика және биология пәндерін тапсырып, максимал 800 ұпай жинаған. Ғылыми пәндер бойынша ең жоғарғы ұпайдан бөлек, оқушы IELTS халықаралық емтиханында 8.0 жинаған.

«Ақназардың бірегей нәтижесі оған әлемнің үздік университеттеріне жол ашады. Зияткерлік мектептің болашақ түлегі Гарвардта оқуды жоспарлап отыр, қазір қабылдау комиссиясының шешімін күтіп жүр», - делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ақназардың аты әлемнің жас таланттары арасында жақсы танымал, Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушысы диплом мен медальдардың жиынтығына ие: елдегі ең танымал Жәутіков және Эйлер олимпиадаларынан, белді Новосібір, Қытай елдерінде өткен байқаулардың жеңімпазы. Оқушының ең жарқын жеңістерінің бірі Бейжіңде өткен S.-T. Yau High School Science Awards болды, ол байқауда математикадағы құбылыс қабілетін дәлелдеді.

2017 жылдың жазында қазақстандық бала Индонезияда Халықаралық физика олимпиадасының жеңімпазы атанды, ал бір жылдан соң 19-Азия олимпиадасында физикадан APHO 2018 байқауында алтын алды. Ол сондай-ақ Таиландтағы IESO 2018 Жер туралы ғылым олимпиадасында күміске ие болды.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар