$ 444.22  476.38  4.82

Қазақстан Азов теңізіндегі жағдайға байланысты Ресей мен Украинаны шиелініске жол бермеуге шақырды

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров Азов теңізіндегі жағдайға байланысты Ресей мен Украинаны шиелініске жол бермеуге шақырды деп жазады Азаттық.

Астанада өткен брифингте Смадияров Қазақстан «жағдайды бақылап отырғанын» және «теңгермелі саясат ұстанатынын» айтты. «Тараптарды барынша жауапты болуға және шиеленісті ушықтырмауға шақырамыз. Сенімді қайта дұрыстау керек. Мұндай оқиғаларды болдырмау және реттеу механизмдерін дайындау қажет деп есептейміз. Қазақстан шиеленісті бәсеңсіту жолындағы барлық шараны қолдайды» деді Смадияров.

25 қарашада Ресей Қара теңізден Азов теңізіне өтетін жалғыз жол - Керчь бұғазында Украина әскери-теңіз күштерінің үш кемесіне оқ атып, ұстаған. Ресей Федералдық қауіпсіздік қызметі украиналық әскери кемелер «Ресей шекарасын бұзғанын», Қара теңізде оларды ұстау үшін қару қолданылғанын және үш теңізшінің жараланғанын растаған. Украина Ұлттық қауіпсіздік және қорғаныс кеңесі 25 қарашада өткен шұғыл жиынында Ресейдің бұл әрекетін басқыншылық деп атап, елде әскери жағдай жариялауды ұсынған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары