$ 439.43  473.31  4.82

Түркияда тікұшақ тұрғынүйге құлап, 4 адам қаза тапты

Стамбұлдың шығысындағы Санджактепе ауданындағы тұрғынүйге тікұшақ құлап, салдарынан 4 әскери қызметкер қаза тапты. Сондай-ақ, біреуі зардап шеккен деп жазады tass.ru.

Тікұшақ көпқабатты үйлердің арасына құлаған. Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр.

Апаттан кейін түсірілген кадрдан көпқабатты үйлердің бірінің маңына құлаған тікұшақтың жартылай қираған фюзеляжы көрінеді.  

Тұрғындар арасында зардап шеккендер туралы әзірге ақпарат жоқ. Апат болған жерді полиция қоршауға алды. Оқиға орнында медбикелер мен құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары