$ 448.15  483.46  4.86

Павлодар обылсында жол апатынан 55 жастағы ер адам жапа шекті

Жол көлік оқиғасы Қызылжар мен Сарышығанақ ауылының ортасында болған деп жазады pavlodarnews.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, Сарышығанақ ауылына 38 шақырым қашықтықта Toyota Camry маркалы 2 автокөлік соқтығысқан.

«ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды», − дейді департаменттің баспасөз қызметі.

Қалалық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше 55 жастағы ер адам №1 қалалық аурухананың травматология бөліміне жатқызылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары