$ 494.87  520.65  4.91

Теміртауда әйелдің есірткіге тәуелді ұлы ауруханаға жатқызылатын болды

Теміртауда есірткіге тәуелді ұлын түрмеге жапқысы келген әйелдің арызын полиция қарады деп жазады Nur.kz.

«Қалалық соттың шешімі бойынша Теміртау тұрғынының ұлы 6 айға арнайы емдеу орталығына жіберілетін болды», – деді Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әйел осы уақыт ішінде полиция бөліміне ұлын айтып, 8 рет арыз жазған. Бірақ артынан өзінің арызын қайта алып кеткен.

«Полиция қызметкерлері әйелдің әр арызын қабылдап, соған байланысты жұмыс жүргізіп отырды», – делінген хабарламада.

Теміртау қалалық сотының мәліметінше, мұның алдында ғана әйелдің ұлы мен оның танысына ұрлық бойынша іздеу жарияланған.  

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары