27.11.2018, 06:16

Қызылордада басына кірпіш құлаған 42 жастағы ер адам ауруханаға түсті

Қызылорда қаласы Титов қыстағында бесінші қабаттан басына кірпіш құлаған 42 жастағы азамат ауруханаға түсті деп жазады ҚазАқпарат.

Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқыс оқиға қатты соққан желдің салдарынан болған.

«42 жастағы азамат жабық бассүйек ми жарақатын алды. Ол Қызылорда қалалық ауруханасына жеткізілді», – деді ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Айгүл Нұрманова.