14 жастағы баланың шалбарының қалтасындағы ұялы телефон жарылды деп жазады Sputnik Қазақстан.
Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 24 қараша күні кешке Ыстықкөл облысының Тоң ауданына қарасты ауылдардың бірінде болды.
«14 жастағы Д.А.Тоң аудандық ауруханасына сағат 23:45-те түсті. Баланың көкірек қуысын, ішін, бұты мен оң жақ жамбасын бірінші және екінші дәрежелі химиялық және термиялық күйік шалған», – делінген хабарламада.
Жасөспірімнің қазіргі жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр, ол тиісті ем алып жатыр.
Дереккөз: Sputniknews.kz