22 қарашада сағат 12:00 шамасында Қостанай облысында ҚР ҰҚК шекара қызметкері отырған УАЗ-39062 автокөлігімен КамАз соқтығысып қалды деп хабарлайды ҚР ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметі.
Жол апаты салдарынан 2031 әскери бөлімінің әскери қызметкері қайтыс болды. Қазіргі кезде жол-көлік оқиғасының болу себеп-салдары анықталуда. Айта кетсек, желіде жантүршігерлік жол апатының видеосы тарап кеткен болатын. УАЗ автокөлігіндегі жолаушы жарақат алған. Ал КамАз жүргізушісі дін аман.
Дереккөз: New Times.kz