Шемонаиха ауданының тұрғыны 23 жастағы Кристина Подкорытова өлі табылды. Оны осы жылдың сәуір айынан іздестірген болатын. Марқұммен қоштасу күні 1 желтоқсанда өтеді деп жазады YK-news.kz.
1 сәуір күні Кристина кешкі уақытта үйінен шығып кеткен. Содан кейін оралмапты. Мамыр айында әлеуметтік желіде Кристина өлі табылды деген ақпарат тараған еді. Алайда, полиция қызметкерлері бұл ақпаратты жоққа шығарып, іздестіру жұмыстары әлі де жүргізіліп жатқанын айтқан.
Осы күні Кристинаның тірі емес екені анықталды. Бірақ қай уақытта қаза тапқаны және өлімінің себебі белгісіз.