Жаңалықтар 28.11.2018 сағат 10:34  579

Петропавл тұрғыны өзін 8 жасында туыс ағасы қалай зорлағанын айтты

Петропавл тұрғыны Айгерім бала күнінде сексуалды зорлықтың құрбаны болғаны жайлы айтты.

Петропавл тұрғыны өзін 8 жасында туыс ағасы қалай зорлағанын айтты
Көрнекі сурет
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Үнемі көңілді жүретін кейіпкердің осыншалық мұңды қалай көтеріп жүргеніне таң қаласың.

«Туыс ағаммен үйде жиі жалғыз қалатынбыз. Ағамның маған істегені ата-анамның түсіне де кіріп шықпайтын. Үйде екеуміз қалғанда тиісе бастайтын. Бұнысы бірнеше жылға созылды», − деген бойжеткен ата-анасына бар шындықты айтуға қорқыпты.

Себебі, «әке-шешем сөзіме сенбесе ше?» деген ойдың өзінен қыз қорқақтап жүріпті.

«Өзімді бірнеше рет өлтіргім келді. Бірақ менен де қиын жағдайларды бастан өткеріп жатқандарды ойлап, өзімді ұстадым. Үйдегілер бұл жағдайдан әлі хабарсыз. Оларға да ауыр тиетін еді. Мен ата-анамды қатты жақсы көремін. Әлі де солай», − деген әлі күнге қорқыныштан арыла алмай жүргенін айтады.

Әсіресе, көпшілік ортадан, жалғыздықтан, қараңғылықтан қорқады екен.

«Айта берсем көп. Ең қорқыныштысы − танымайтын адаммен жалғыз қалып қою. Тіпті, атаммен де. Бұлай ойлаудың өзі ұят екенін білемін. Өз ойымнан кейде өзім де ұяламын», − дейді кейіпкер.

Келіншек қорқынышын жеңу үшін жақында психологтың көмегіне жүгінетінін айтады.

«Әлеуметтік желіде зорланғандардың тағдырын оқығанда жүрегім ауырып кетеді. Сосын адамдардың зорлаған адамды қалайша жақтайтынын түсінбеймін. Олар бір адамның өмірін тозаққа айналдырғандар. Қалайша оның әрекетін ақтайсыздар?», − деп сөзін қорытындыылады ол.

Айгерім Мұқанова

Дереккөз: NewTimes.kz

Оқи отырыңыз

‡àãðóçêà...

Соңғы жаңалықтар