Полиция қызметкерлері зейнеткерді тонап кеткен күдіктіні ұстады деп хабарлайды Астана қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
81 жастағы зейнеткер «Сарыарқа» аудандық полиция басқармасына өзін тонап кеткені туралы арыз жазған. Оның айтуынша, белгісіз әйел өзін дәрігер деп таныстырыпты. Ол кейуананың көңілін аулап, артынша шкафтағы 10 мың теңгесін ұрлап кеткен.
Жедел іздестіру барысында полиция қызметкерлері 37 жастағы әйелді ұстады. Ол бұдан бұрын да осыған ұқсас қылмысы үшін айыпталып келген.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Дереккөз: Newtimes.kz.