$ 447.4  477.55  4.76

Ресейде жол апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды

«Орынбор- Соль-Илецк» автожолынан 52 шақырым жерде, Елшанка ауылының маңында 28 қарашада жүк көлігі мен «Фольксваген» автокөлігі соқтығысып, салдарынан 5 адам қаза тапты. Тағы екеуі зардап шегіп, ауыр халде ауруханада жатыр деп жазады «Диапазон».

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, апатқа ұшыраған көлікте Қазақстанның 7 азаматы болған. Апаттан көз жұмғандардың мүрдесі Оренбург мәйітханасына жеткізілді.

Алдын-ала мәлімет бойынша, қайтыс болғандар Ақтөбе облысының тұрғындары екен.

Зардап шеккендер:
1. Дәулетшина Минур Сайфутдинова – 1950 жылғы
2. Мотненко Константин Эдуардович – 1996 жылғы

Қайтыс болғандар:
1. Маханов Халаби Аббасович – 1984 жылғы
2. Қуанов Серік Владимирович – 1987 жылғы
3. Тәжімұрат Оразгүл Қурағанқызы – 1963 жылғы
4. Елубаева Бағдагүл Тыныштықовна – 1977 жылғы
5. Аралханов Манас Аралханович – 1987 жылғы

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары