Жаңалықтар 29.11.2018 сағат 05:33

«Не істеп жатыр?»: Төсекте жатқан Байзақованы жұрт тағы сөкті (ВИДЕО)

Қыркүйек айының соңында күтпеген жерден мәлімдеме жасап, өзінің жүкті екенін айтқан Байзақованың желіде тағы бір видеосы таралып кетті.

«Не істеп жатыр?»: Төсекте жатқан Байзақованы жұрт тағы сөкті (ВИДЕО)
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Кадрда атышулы блогер аяғын көтеріп, жаттығу жасап жатыр. Желі қолданушыларына оның киім киісі мен, төсектегі тұрысы ұнамай қалды.

«Тырыстырып не киіп алған? Бәрі көрініп тұр ғой. Ең болмағанда жүкті кезіңде тыныш жүрсейші», «Не істеп жатыр?», «Өзіңнің бір ұятың жоқ екен», «Онда тұрған не бар? Жаттығу істеп жатыр ғой», - деп пікір қалдырды желідегілер.

Байзақованың сөзіне сенсек, қараша айының соңында блогер аяқ-қолын бауырына алуы керек. Себебі, ол қыркүйектің соңында сәбінің 7 айлық екенін айтып қалған.

Еске сала кетейік, былтыр желтоқсан айының соңында Байзақова Алматыдағы Алмалы аудандық сотының шешімімен әкімшілік құқық бұзғаны үшін 3 күнге қамауға алынған еді.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Қызықты материалдар