29.11.2018, 05:27

Ресейде жол апатынан қаза тапқан қазақстандықтардың аты-жөні жарияланды

«Орынбор- Соль-Илецк» автожолынан 52 шақырым жерде, Елшанка ауылының маңында 28 қарашада жүк көлігі мен «Фольксваген» автокөлігі соқтығысып, салдарынан 5 адам қаза тапты. Тағы екеуі зардап шегіп, ауыр халде ауруханада жатыр деп жазады «Диапазон».

Ақтөбе облысының Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, апатқа ұшыраған көлікте Қазақстанның 7 азаматы болған. Апаттан көз жұмғандардың мүрдесі Оренбург мәйітханасына жеткізілді.Алдын-ала мәлімет бойынша, қайтыс болғандар Ақтөбе облысының тұрғындары екен. Зардап шеккендер:1. Дәулетшина Минур Сайфутдинова – 1950 жылғы2. Мотненко Константин Эдуардович – 1996 жылғы

Қайтыс болғандар:1. Маханов Халаби Аббасович – 1984 жылғы2. Қуанов Серік Владимирович – 1987 жылғы3. Тәжімұрат Оразгүл Қурағанқызы – 1963 жылғы4. Елубаева Бағдагүл Тыныштықовна – 1977 жылғы5. Аралханов Манас Аралханович – 1987 жылғы