$ 446.49  475.38  4.79

Астанада екінші ауысымдағы оқушылар үшін сабақ болмайды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептеріндегі екінші ауысымдағы барлық оқушылар үшін сабақ болмайды деп хабарлайды Астана қаласының Білім басқармасы.

«Астана қаласының Білім басқармасы хабарлайды: 29.11.2018 жылы ауа райының қолайсыздығына байланысты қала мектептерінің екінші ауысымындағы 0-11 (12) сынып оқушылары үшін сабақ болмайды», − делінген хабарламада.

Айта кетейік, «Қазгидромет» РМК 28-30 қараша күндеріне дабылды ескерту жариялады. Астанада жауын-шашын (көбіне қар), бұрқасын, көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 15-20 м/с, кей кезде 25 м/с жетеді. 30 қарашада түнде ауа температурасы 15-17 градусқа дейін төмендейді.

Дереккөз: Елорда Ақпарат

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары