$ 449.58  486.94  4.86

«Күлтегін» анимациялық фильмі Түркияда көрсетілуі мүмкін (ВИДЕО)

Жақында ғана жарыққа шыққан отандық «Күлтегін» анимациялық фильміне Түркия қызығушылық танытып отыр деп жазады ҚазАқпарат.

«Әрине, Голливуд болмасақ та, біздің киноларға сұраныс бар. Көбінде авторлық фильмдерге сұраныс жиі туындап жатады. Дәрежан Өмірбаев ағамыздың фильмдерін әлі күнге дейін кинофестивальдер сатып алуда. Эмир Байғазиннің барлық фильмдері келісімшарт арқылы өтіп жатыр. Оның бір көрсетілімінің өзі бізге қаржы әкеледі. Сонымен қатар, Сәбит Құрманбеков түсірген «Оралман» фильмі Италияда қысқа прокатта болды. Ол да - біз үшін жетістік», - деді Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз орталығында өткен брифингте Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз хатшысы Айнұр Исаева.

Әріптесінің сөзін брифинг барысында «Қазақфильм» киностудиясының анимациялық кино-шығармашылық бірлестігінің басшысы Адай Әбділда іліп әкетті.

«Жақында ғана шыққан «Күлтегін» анимациялық фильміне қазір түркі ағайындарымыз қызығып жатыр. Өйткені, түркі тілдес халықтар болғаннан кейін тақырып ортақ. Сол тұрғыдан алғанда біз ТҮРКСОЙ ұйымы арқылы мәдени шаралар аясында Анкарада немесе Стамбұлда көрсететін ойымыз бар», - дейді Адай Әбділдә.

Еске сала кетсек, еліміздегі кинотеатрларда қазіргі таңда «Күлтегін» анимациялық фильмі көрсетіліп жатыр. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары