$ 443.37  474.49  4.83

Қазақстанда өтетін «Әлем барысына» 29 елден балуандар келеді

Алматы қаласында 1-2 желтоқсан күндері Тұңғыш Президент күніне орай қазақ күресінен «Әлем барысы» өтеді деп жазады ҚазАқпарат.

ҚР Қазақ күресі федерациясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, 1 желтоқсан күні Алматыда қазақ күресінен «Әлем барысы» абсолюттік әлем чемпионаты қатысушыларының ресми салмақ өлшеу рәсімі өтеді.

Жарысқа 29 елден 34 балуан қатыспақ.

Қазақ күресінен «Әлем барысы» абсолюттік әлем чемпионаты 2 желтоқсан Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында болады.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары