$ 446.49  475.38  4.79

Петропавлда автобуспен соқтығысқан жеңіл көлік жүргізушісі мерт болды

Петропавлда жеңіл көлік пен бағдарлы автобус соқтығысып қалды, көлік жүргізушісі оқиға орнында жан тапсырды деп жазады Sputniknews.kz.

Жол апаты туралы әлеуметтік желілерде тарап кеткен. Қолданушылар қайғылы оқиға болған жол учаскесінің апатты жағдайда екенін айтады, соңғы кездері кемінде алты көлік сол жерде жыраға түсіп кетіпті.

Солтүстік Қазақстан облысының полиция департаменті жол апаты болғанын растады.

«29 қарашада 13:45-те Петропавл қаласының Борки ауылы маңында 1976 жылы туған ер адам Volkswagen көлігін айдап келе жатып, 27-ші бағдарлы автобуспен соқтығысып, салдарынан оқиға орнында қаза тапқан. Оқиға сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестріне тіркелді. Жол апатына қатысты бірқатар сараптама тағайындалды», – деп мәлімет берді ведомство баспасөз қызметі.

Бағдарлы автобуста сегіз жолаушы болған. Қазір көлік апатының мән-жайы мен зардап шеккендер саны анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары