$ 446.49  475.38  4.79

Алматыда жедел жәрдем жүргізушісін ұрған түрік азаматы жоғалып кетті

Жедел-жәрдем жүргізушісінің жағасынан алып, жұдырықтаған түрік азаматын елден шығару арызы қараусыз қалды. Өйткені, полицейлер Әли Демірдің қазір қайда екенін білмейтін болып шықты. Сол себепті сот арыз-талапты қарамаймыз деп шешкен деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қалалық соттың мәліметінше, ол үшінші қарашада Ыстамбұлға ұшуы тиіс болған. Бірақ, шекарадағылар оның арғы бетке өтпегенін мәлімдеді. Енді полицейлер оның мекен-жайын анықтап, тапқанша іс әзірге тоқтайды.

«Қазіргі уақытта шекараны кесіп өтпегені ғана бізге белгілі. Азаматтық кодекске сәйкес елден шығарылуы тиіс азаматтың сотқа қатысуы міндетті. Соған байланысты шағымданушы тарап, яғни полиция істі әзірге қарамауды өздері өтінді», − деді Алматы қалалық соты баспасөз қызметінің жетекшісі Диас Махамбетов.

Естеріңізге салайық, Алматыда жолды бөлісе алмаған Түркия азаматы жедел-жәрдем жүргізушісі Николай Кучманы соққыға жыққан болатын. Уақытша ұстау абақтысына жабылғанмен, кейін Әли Демір босатылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары