30.11.2018, 09:55

Теміртауда 37 жастағы ер адам 10 күннен бері із-түзсіз жоқ

Теміртауда 37 жастағы Сергей Репкин 10 күннен бері із-түзсіз жоқ etemirtau.kz.

Сергейдің келіншегі Ольга Рипкина оның түнгі ауысымнан кейін үйге келмегенін айтады.

«Телефоны қыркүйекте бұзылып қалған. Содан бері телефонсыз жүр. Жұмысында деп ойладық. Таңертеңге дейін күттік. Келмеді. Сағат түскі 12:00-де бастығына хабарластық. Ол күйеуімнің түнде жұмыста болмағанын айтты», - дейді Ольга Рипка.

Ольга күйеуін алдымен өзі іздеп, кейін полицияға арыз түсіргенін айтады.

Сергей Рипкин 20 қараша күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Бойы - 170, көзі - жасыл, шашы - қара, ернінің оң жағында жырық бар.

Келіншегі қандай да бір ақпарат білетіндерге 102 немесе 87783662681 нөміріне хабарласуын өтініп отыр.