$ 494.87  520.65  4.91

Вице-министр Мәдина Жүнісбекова «Болашақ» бағдарламасының грантына ие болды

ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Жүнісбекова «Болашақ» бағдарламасының стипендиясына ие болды деп жазады Tengrinews.kz.

Жүнісбекова АҚШ-тағы Гарвард университетінің Джон Кеннеди атындағы мемлекетті басқару мектебіне түскен. Алайда, ол қызметіне байланысты оқуын бірнеше жылға кейінге қалдырған.

Еске сала кетейік, 29 қараша күні ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өткен жиында «Болашақ» халықаралық стипендиясына 2019 жылға 555 стипендия бекітілгені жайлы айтылған еді.

Сонымен қатар стипендия магистратура мен докторантурада оқуға, әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарында тағлымдамадан өтуге жіберілетін 71 үміткерге тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары