30.11.2018, 10:49

Музейде Нұрсұлтан Назарбаевтың балауыздан жасалған мүсіні пайда болды

Балауыздан жасалған екі мүсіннен құралған композиция 1992 жылы тәуелсіз Қазақстанның алғашқы қорғаныс министрін тағайындаған тарихи сәтін бейнелейді.

Астанадағы ҚР Қарулы күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың балауыздан жасалған мүсіні пайда болды. Композиция құрамында жалпы екі мүсін бар деп жазады BNews.kz

Еліміздің тұңғыш Президенті мен Сағадат Нұрмағамбетовтың мүсіндері 1992 жылғы мамырда генерал-полковник Нұрмағамбетовты Қазақстан Республикасының алғашқы қорғаныс министрі ретінде тағайындау туралы жарлыққа қол қойған сәтін көрсетеді.

Аталған жұмыстың авторы суретші-гиперреалист Айдос Есмағамбетов.