$ 498.34  519.72  4.85

Атырауда жерлесінің басынан теуіп өлтірген жігітке сот үкімі шықты

Атырау қалалық №2 соты жерлесінің басынан теуіп өлтірген тұрғынға сот үкімін шығарды деп жазады azh.kz.

Төбелес кезінде марқұмның басынан теуіп, адам өлтіруге дейін апарғаны үшін судья айыпталушыны 8 жылға бас бостандығынан айырып, 3 млн теңге өтемақы төлеуге міндеттеді.

Еске сала кетейік, көктемде төбелес кезінде жарақат алған атыраулық жігіт облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары