$ 514.65  544.6  5.17

Қазақстандық келіндердің көпшілігі жыныстық қатынастан ләззат алмайтын боп шықты

Қазақстандық келіндер әлеуметтік желілерде ашық сырласуда. Жуырда ғана елімізде арнайы келіндерге арналған мобилді қосымша шығарылған еді. Тақырыпты қызу талқыға салып, 162 мыңнан астам нәзік жандылар өз тәжірибесімен бөлісуді жөн деп тауыпты деп жазады деп жазады Stan.kz.

Келіндердің көпшілігі жыныстық қатынас жетіспеушілігіне наразылық білдірген.

Мұндай идея Арман Сүлейменовте бірнеше жыл бұрын пайда болған. Бірақ алғашқы идеяны Назарбаев университетінің студенті Дидар Пернебаев көрсетті. Ал Арманның шығармашылық тобы аталған істі аяқтап, ақпараттық чат құрды.

«Ең танымал нәрсені анықтау қиын болды, әйтсе де секс – бұл ең басты тақырып. Оның өзі бірнеше сегментке бөлінген. сексуалды өмірден ләззат алмай, немесе керісінше. Онда қыздар көбінесе алғаш рет жыныстық қатынасқа қай жастар барғандарын айтып жатады», – дейді IT-инженер Арман Сүлейменов.

Жасаушылар қосымшаны ерлер үшін де, әйелдер үшін де қызық қылуға тырысқан. Бағдарламада түрлі рецептер мен кеңестер, сөздіктер бар. Бірақ, қосымша ресми түрде іске кіріскеннен кейін анонимді чат пайда болып, шектеусіз диалогтарға ұласты.

@kelin1503 есімді қолданушы «жігітіммен бір жарым жылдан бері кездесіп жүрмін, үйленгіміз келеді. Мен әлі пәк қызбын, ол менімен жатқысы келеді. Не істеу керек?» деп сауал тастаған.

Ал @kelin154494 атты желі қолданушысы «күйеуімен аптасына бір мәрте ғана жақындасатынын, өзінде секске деген ынта мүлдем жоқ екенін» айтып ашуын білдірген. Қазақстандықтарды әсіресе, жүктілік мәселесі, мүшенің өлшемі, өзге де жыныстық тақырыптар көбірек қызықтырады екен.

«Мен мұны барынша заманауи ыңғайға келтірілген қосымша деп білемін. Әрине, біздер өзіміз қыздар арасында түрлі тақырыптарды талқылаймыз. Ал бұл жерде тек талқылап ғана қою емес, кеңес алып, өзге әйелдердің қолдауын сезінуге мүмкіндік бар», – дейді Әйгерім Бегалиеава.

«Келін» қосымшасы екі бағытқа бөлінген. Бір тарап жоба ұйымдастырушыларын сынға алса, екінші жақ мобилді сервисті шығарушыларға түсіністік танытып қолдаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары