$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда 25 мың адам қар тазалап жатыр

Алматыда түні бойы жауған қардың қалыңдығы 15 сантиметрге, таулы аймақта 30 сантиметрге жетті деп жазады ҚазАқпарат.

Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалануды реттеу басқармасынан мәлім еткендей, қар жауа бастағаннан коммуналдық қызметкерлер көктайғаққа қарсы жолға 4600 тонна құм шашқан.

«Түнгі 01:30-да арнайы техника қарды күреп, сыпыру жұмыстарын бастап кетті. Қазір жиналған қарды шығару жұмыстары жүріп жатыр. Таңғы 8-ден бастап қала сыртына 1950 текше метр қар шығарылды. Қар тазалау жұмысына 960 арнайы техника, оның ішінде 155 құмшашқыш техника жұмылдырылды. Жиналған қарды тасу үшін құрылыс компанияларынан қосымша 110 жүк көлігі алынды», - делінген басқарма ақпаратында.

Жолдарды тазалаумен 2620 жұмысшы айналысуда. Тротуралар мен аялдамаларды, автотұрақтарды тазалауға баса көңіл бөлінуде.

1-3 желтоқсан аралығындағы демалыс күндерінде қаланың бас көшелері толық тазаланатыны күтілуде.

Қалалық жəне аудандық əкімдіктер қар тазалау мен оны шығару жұмыстарына тәулік бойы бақылау жүргізуде.

Басқарма қала тұрғындарына коммуналдық қызмет жұмысына түсіністікпен қарап, жол жиегіне жеке автокөліктерін қоймауды сұрайды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары