Қостанай облысы Таран ауданы Аят ауылындағы жеке үйлердің бірінде газ баллоны жарылды деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК-нің баспасөз қызметі.
Төтенше жағдай 30 қараша күні кешкі сағат 17:00-де болған.
Баллон жарылып, үйдің 20 шаршы метрі өртеніп кеткен. Бір сағаттан соң келген төтеншеліктер қызыл жалынды жарты сағатта сөндіріп үлгерген.
1963, 1980 және 1989 жылғы тұрғындар ауруханаға жатқызылды.
Дереккөз: Zakon.kz