«Qazaq Air» қазақстандық әуе компаниясы өзінің аймақтық әуе қатынастары желісін кеңейтті.
Атап айтқанда, әуе компаниясы 2015 жылғы 17 қыркүйектен бастап Қостанай облысын еліміздің оңтүстік астанасымен байланыстыратын жаңа бағыт ашады.
Алматы – Қостанай рейсінің ұзақтығы 2 сағат 35 минут. Бұл бағдар сыйымдылығы 78 орындықтан тұратын Bombardier Q400 жаңа ұшағында орындалады.
Ұшудың құны әуежай алымдарын қоса алғанда бір бағытқа 15 496 теңгеден басталады, ал қызмет көрсету санаты – эконом класс. Сапарларды қазірден бастап әуекомпаниясының www.flyqazaq.com сайтында және әуе агенттіктерінде брондауға болады. Мұнымен қоса, әуекомпаниясы жақын арада Қазақстанның батыс аймағында келесі жаңа бағыттар ашуды жоспарлап отыр:
Олар – Шымкент – Ақтөбе; Ақтөбе – Атырау; Қостанай – Ақтөбе.
Айта кетейік, «Qazaq Air» АҚ Қазақстандағы аймақтық бағыттар бойынша қызмет көрсететін жаңа әуекомпаниясы. Оның акцияларының 100 пайызы «Самұрық-Қазына» АҚ-ға тиесілі.